ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАҒЫТЫНДА
10.05.2024 жылы сағ 15:00 Қызылорда қаласының полиция басқармасы, облыстық білім басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық денсаулық орталығы колледж әкімшілігі мен бірлескен түрлі бағыттағы қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдыну алуда үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. «Құқықтық мәдениет қалыптастыру» құқық бұзушылықтың алдын алу
тақырыбында Қызылорда ҚПБ ЖПҚб ЮПб УПИ полиция капитаны А.К.Досмаганбетов, колледж әкімшілігі, тәрбие бөлімі, колледж әлеуметтік психолгы, колледж заңгері, топ жетекшілер, жиынға «Емдеу ісі-1», «Емдеу ісі-2» бөлімінің 1-ІІ курс білім алушылары қатысты. Кездесу барысында жасөспірімдер арасында топтасқан төбелес, ұрлық, тонау т.б түрлі құқық бұзушылық орын алып отыр. Түнгі рейд жұмыстарының болатындығын хабардар етті.
Түсіндірме жұмыстардың негізгі көзделетін мақсаты қоғамдық орында өздерін қызуқандылыққа бой алдырмай, адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, мемлекеттің мықты тұлғасына айнала білу қажеттігі айтылды.
Жалпы облыс, қала көлемінде жасалған қылмыстарға қатысты мәліметтер айтылып, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасты.