ОТБАСЫЛЫҚ КІТАП ОҚУ-РУХАНИ БИІКТІККЕ ЖОЛ
Оқуға құштар колледж жобасы аясында 15 мамыр отбасы күніне орай отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту, ата -ана мен колледж арасындағы байланысты дамыту мақсатында «Бір отбасы бір кітап» тақырыбында колледжішілік акция өтуде. Акция барысында Қызылорда медициналық жоғары колледжі ,Емдеу ісі-132 топ студенті Жарылқасын Дильназ 2024 жылдың жыл кітабы болып бекітілген Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»атты кітабын отбасымен оқыды.Ұлы ұстаз М.Әуезов айтқандай «Ел боламын десең бесігіңді түзе» дегендей ұрпақ тәрбиесі бесіктен басталатыны баршамызға аян.Бала тәрбиесі ең әуелі ата- анадан, мектеп қабырғасынан басталса, сол тәрбиенің бәрін олар кітаптан алары анық. Балаланың өзін-өзі танып, қалыптасуып, дамуына кітап оқудың маңызы ерекше.