ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМҒА ҚАДАМ!
“АСЫЛ МҰРА – ОРДА” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары аясында, «Жемқорлықсыз қоғамға қадам!» тақырыбында колледж студенттері арасында сұхбаттасу өткізілді. Сұхбаттасуға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – офицері Жаппасбаев Әлібек Бақытжанұлы мен Қазақстан Республикасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің, (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қайраткерлер мен қызметкерлер арасынан құрылған спикерлер пулының мүшесі Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы, Колледж комплаенс офицері Абай Жарылқасынұлы қатысып, болашақта өскелең ұрпақ жемқорлыққа жирен қарауы үшін, біз қандай әрекет жасап, оларға қандай бағыт сілтей аламыз?! деген сұрақ төңірегінде пікір алмасты. Қатысқан студенттер сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік бойынша өз ойларын ашық айтып, сауатты жеткізе білді.