«Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі!»

02.10.2024 жылы Қызылорда медициналық жоғарғы колледжінде «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі!» атты «Сырғалым» қыздар клубының алғашқы отырысы болып өтті. Бұл іс – шараны өткізудегі негізгі мақсаты: дәстүрімізге сай әдептілік, инабаттылық, көріктілік, ептілік сияқты ұлттық асыл қасиеттерді қыздарымыздың бойына сіңіру болып табылады. Себебі болашақ ұлтымызды құрайтын ұрпақ бойына барлық жақсы қасиеттерді сіңіруші, жеткізуші, дамытушы әйел деп түсінген. Әйел-ана ол бүгінгі мына отырған қыздарымыз. Халқымыздың ырысты ынтымағын, береке-бірлігін, туыстың татулығын паш ететін ол бүгінгі қыз, ертеңгі-ана!

Бүгінгі отырысқа «Анаға тағзым» орталығының әдіскері, ардагер ұстаз – Малимова Салима Шалабайқызы және колледждің ардагер ұстазы Төлекова Гүлбахрам Жанділдақызы қатысып, қыздарымызға біздің қазақ бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлгенін,”қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю” деген бір ауыз сөзге қаншама ой жатқанын қарапайым тілмен түсіндіріп, кеш соңында тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді.

You may also like...