«Өзім оқығанды, өзгеге ұсынамын!»
Қызылорда медициналық жоғары колледж кітапханасының оқу залында «Емдеу ісі» мамандығы Е3- топ білім алушыларымен «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында білім алушыларға батырлар жырына байланысты соның ішінде, «Алпамыс батыр» жырымен танысу, жаттау, батыр туралы әңгімелей отырып, топпен жұмыс жасалды.
Батырлар жыры — ќазақ ауыз әдебиетінің өте ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі. Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес.Ол халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан.
Батырға тән ерекше қасиеттер: текті, жаудан сескенбейтін, қорықпайтын, қалың дұшпанға қарсы шабатын, намыс пен арды жоғары қоя білетін, еліне қамқор, отқа салса күймейтін, оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін батыр. Батырлар жырының тәрбиелік мәні бар. «Алпамыс батыр» жыры – қазақ халқының батырлар жырының ішіндегі ең көнесі. Жыр дәл қазіргідей классикалық бүтіндікке ғасырлар бойында жетілу, толығу арқасында жеткен. Жырда көрсетілген жер, мекен, адам аттары, елдің шаруашылық кәсіптері, салт-ғұрыптары эпостың қазақ халқының төл туындысы екендігін дәлелдейді. Жырда батыр қай кезде де бұзылған жағдайды қалпына келтіруші тұлға. Ол жауды жеңіп, әділеттілікті асқақтатып, алғашқы мамыражай дәуірді қайта орнатады. Себебі, қазақ халқында жамандықты – жақсылық, жауыздықты – қайырымдылық, зорлықты – әділдік жеңу батырдың ерлігімен болатын іс деген ұғым бар.