Репродуктивті денсаулықты сақтау” және “Инфекциялық аурулардың алдын алу” тақырыптарында кездесу өтті
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің жатақханасында 1 курсқа қабылданған қыз балалар арасында, колледж оқытушысы акушер-гинеколог дәрігер Асқарова Артықша Қанатбайқызының қатысуымен “Репродуктивті денсаулықты сақтау” және “Инфекциялық аурулардың алдын алу” тақырыптарында кездесу өтті. Кездесу барысында студент жастар өз ойларымен бөлісіп, денсаулықтарына байланысты кеңес алды.


