РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Атырау жоғары медициналық колледжінде
«Мейрігер ісіндегі қолданбалы бакалавр» мамандығы бойынша «Мейіргер ісіндегі қолданбалы бакалаврлардың денсаулық сақтау жүйесіндегі орны. Цифрлық дәуірдегі даму» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік байқау өтті.
Байқауға елімізден барлығы 54 өтініш түскен.
Тақырыпқа сай тыңғылықты дайындалып барған 91-топ студенті Ақниет Оразалина да жұмысын сәтті қорғады. Сараптама комиссиясының шешімімен Ақниеттің жұмысы I дәрежелі дипломмен марапатталды. Үнемі ізденіс үстінде жүретін Ақниетпен жетекшісі Байтукаева Гүлмайра Рысмағанбетқызын кезекті жетістіктерімен құттықтаймыз!

