БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ ПІКІРТАЛАСҚА ҚАТЫСТЫ
«Жалпы білім беру пәндері – 1» бірлестігі ұйымдастырған апталық аясында «Биология» пәнінен «Кириешки және чипсы өнімдерінің адам ағзасына әсерін анықтау» тақырыбында І курс студенттерінің арасында пікірталас өтті.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Чипсы мен кириешкидің адамға әсерін және құрамын анықтау. Картоп чипсылардың шығу тарихымен танысу. Картоп чипсылардың химиялық құрамымен танысу. Олардың адам денсаулығына зияны жайлы мәлімет беру.
Зерттеу жұмысының негізгі болжамы:
1. Егер адамдар чипсы мен кириешки тағамдарының зиянын және әр түрлі аурулар туғызатынын білсе, онда салауатты өмір сүру деңгейі жоғары болар еді.
2. Егер, біз чипсы мен кириешкидің адам ағзасына зиян екенін дәлелдер арқылы көрсете білсек, дүкен сөрелерінен алып тастау керек.
Ой додасында бірінші курс студенттері ойларын ортаға салып, Чипсы мен кириешки өнімдерінің зиянын тәжірибе арқылы дәлелдеді.
Жетекші: «Биология» пәнінің оқытушысы Медеуова Акмарал Маратбекқызы