ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ҚАЛАСЫ
«ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ҚАЛАСЫ» республикалық фестивалі Қызылорда медициналық жоғары колледжінде де жалғасын тапты.
Мемлекет басшысы 2025 жыл — «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында колледжде «Ашық есік күні» және «Бос орындар жәрмеңкесу» өтті. Қазір еліміздің әр өңірінде «Дені сау ұлт» жобасы аясында көптеген медициналық мекемелер салынып жатыр. Яғни, заманауи технологиялармен жабдықталған облыстық және көпсалалы аудандық ауруханалар, емханалар саны көбейіп келеді. Бұл бастама әсіресе, ауылдық аймақтағы халыққа медициналық көмекті қолжетімді ететін болады. Сәйкесінше, емдеу мекемелеріне сала мамандарының қажеттілігі туындайды.
Ал «Бос орындар жәрмеңкесі» – оқуын енді бітіріп жатқан жас мамандар үшін үлкен мүмкіндік. Облыс әкімдігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен өткен «Бос орындар жәрмеңкесі» – жұмыспен қамту мәселелерін шешуге септігі мол. Жұмыс берушілермен ынтымақтастықтың өте тиімді түрі. Іс-шараға облыстық жедел жәрдем стансасы, «Смайл клиник» тіс емханасы «Имплант мед» тіс емханасы, «Мансур Дент» тіс емханасы, «Зерде» ЖШС, «Фарматека» ЖШС;«Фармаком» ЖШС, «Назар Мед» ЖШС, «Lab service company» ЖШС өкілдері қатысты.
Жұмыс берушілер оқу орнының жаңа технологиямен жабдықталған базасымен танысты. Түлектермен дидарласты. Биылғы оқу жылының қорытындысында фельдшер, мейіргерлік іс, фармация, стоматология, акушерлік іс және лабораториялық диагностика мамандықтары бойынша жас мамандар бітіргелі тұр. Болашақ мамандардың дайындығы туралы бөлім меңгерушілері Лиза Батырханқызы, Айгерім Ерғалиқызы, Меруерт Көлбайқызы, Гүлайна Тәңірбергенқызы ақпарат берді. Фестиваль болашақ мамандардың, жұмыс берушілермен колледждің өзара ынтымақтастық алаңына айналды.




