ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ТУРАЛЫ МОЛ МАҒҰЛМАТ АЛДЫ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұсынған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Қызылорда медициналық жоғары колледжінде күнделікті сабақтың үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақыты ойын түрінде ұйымдастырылады.
«Емдеу ісі» бөлімі, І курс, 17 топ студенттерімен «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты іс-шара өткізілді. Іс-шарада қазақ халқының ежелден келе жатқан «Көкпар тарту», «Бәйге», «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», «Қазақша күрес» ойындарымен колледж оқытушылары Жармағанбетова Ғалия мен Дастан Азамат таныстырып, әр ойынға жеке-жеке тоқталып өтті.