СТУДЕНТТІҢ ОТБАСЫНДАҒЫ БІР МЕЗЕТ
Қызылорда медициналық жоғары колледжі Стоматология Д-116 топ студенті Айтбаева Жанбибінің «Өнегелі 15 минут» тақырыбына жасаған видеоролигі.
«Өнегелі 15 минут» атты түсірілімде ата-аналар баласымен мінез-құлық және адамгершілік туралы күнделікті әңгіме қозғап, қыздың және ұлдың тәрбиесі туралы әр отбасыда қозғалуы керек тақырып.
Соның бірі 116 топ студенті Жанбибінің отбасы мүшелерімен бірігіп түсірген видеоролигінен үзінді тамашаладыңыздар. Қыз баласының жақсы тәрбиеленуіне үй-ішіндегі тұлғалардың қосатын үлесі көп. Бұл видеоролик Қызылорда қаласы, Шиелі ауданы, Нартай Бекежанов ауылында түсірілген. Бұл видеода әкесінің қызына деген мейірімділігін, ағаларының қарындасына қамқорлығын, анасының «қызға қырық үйден тыйымын» үйретіп, бірге ас әзірлеп жатқанын көруге болады.
Түсірілімге:
Студент: Айтбаева Жанбибі
Әкесі: Ақылбеков Бақытжан
Анасы: Сейтенова Мейрамкул Қажы
Ағалары: Айтбай Жасулан, Айтбай Баглан, Айтбай Досымжан қатысты.