БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ
Білім нәрін берген оқу орнының мерейін үстем етіп, колледж ауласын көркейту әр түлектің ойында жүретін мақсаттың бірі екені анық. Биыл бітіруші “Емдеу ісі-2” бөлімінің 35 топ, 55, 80, 81 топтардың студенттері білім ұяларының гүлденуі үшін өз үлесін қосты. Жайқалып өсіп, жанға сая болсын деген ниетпен ағаш отырғызды.
Ағашты еккен адамға үлкен сауап болса, таза ауа және желді аймақтарға әкелер пайдасы да мол. Алдағы уақытта көшеттер колледж айналасын жасыл желекке бөлеп, білім ұясының ажарын аша түспек.







