Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастамасымен облыс аумағында «Отбасы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Аталған іс-шара аясында Полиция департаментінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері мен Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттерінің қатысуымен отбасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында арнайы акция ұйымдастырылды.