Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу
Бүгін Қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Бұрханова Бализат, полиция лейтенанты Серікқызы Арайлым колледждің І курс білім алушыларымен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты — қоғамда орын алатын отбасылық, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, т.б. мәселелер бойынша түсіндірме жасау. Б.Бұрханова жастарға өздерінің немесе жақындарының, достарының арасында түрлі қиын жағдайларды байқаса, оқытушыларға, құқыққорғау органдарына хабар берудің маңыздылығын түсіндірді.
Сонымен қатар, қонақтар буллинг, лудомания, интернет алаяқтық, бопсалау т.б. құқызбұзушылықтан сақ болуға шақырды.

