АҚ ХАЛАТТЫЛАР АЛДЫҢҒЫ ОРЫНДА
Облыстық Ә.Тәжібаев атындағы кітапханада «KitapTime-2025» республикалық фестивалі аясында Қызылорда қаласының Астана болғанына 100 жыл толуына орай, «Өз өлкеңді таны!» атты зияткерлік сайыс өтті.
Мақсаты – өлкеміздің тарихи және мәдени ескерткіштері мен киелі орындарын, басты құндылықтарын кеңінен таныту, ұлттық салт-сана, әдет-ғұрыпты насихаттау, өз өлкесін сүюге тәрбиелеу, оқырманның ізденушілік қырын ашу.
Сайысқа қаламыздағы колледж командалар қатысты. Сайыс «Шежірелі өлке», Сыр ескерткіштері», «Өлкенің көркем шежіресі» атты 3 кезеңнен тұрды.
Әділ қазылардың шешімімен 1 орынды Қызылорда жоғары медициналық колледжінің командасы иеленді. Топ құрамында «Мейіргер ісі» бөлімі, 1 курс, 40 топтың студенттері Асел Мирашева, Айым Амангелді, Әсет Жеткерген, Нұрай Қонақбаева бар.
Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Абизова Алия Маханбетжанқызы.


