ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ МАРАПАТ ТӨРІНДЕ
ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ МАРАПАТ ТӨРІНДЕ
Бүгін Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде медицина саласының жылды қорытындылауға арналған салтанатты шарасы өтті.
Салтанатты шарада облыс әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы құттықтау сөз сөйлеп, ерекше еңбектерімен жылды қорытындылаған медицина қызметкерлерін марапаттады.
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің директоры, PhD, Қалмақова Жанар Амангелдіқызы облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Білікті басшы, үздік ұйымдастырушы Жанар Амангелдіқызын құттықтаймыз!
Білім ордасының «Арнайы стоматологиялық пәндер» кафедрасының жетекшісі, жоғары санатты дәрігер-стоматолог, педагог-зерттеуші Кушербаева Толқын Бектаевна денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін иеленді. Ұстаздың жас мамандарды даярлаудағы қажырлы еңбегі еленіп, марапат төрінен көрінді.
Марапаттарыңыз құтты болсын!
Әркез мерейлеріңіз үстем болсын!









