«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»
Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай колледж кітапханасында
“Лабораториялық диагностика” мамандығының 109-топ білім алушыларының ұйымдастыруымен
«Жүрегіңді кітапқа бұр» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
Іс-шара барысында білім алушыларға ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы мазмұнды презентация ұсынылып, табиғат, махаббат және әлеуметтік тақырыптағы өлеңдерінің шығу тарихы таныстырылды.
Wordwall платформасы арқылы ойын форматында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, Абай өміріне қатысты кейіпкерлерге сипаттама берілді.
Білім алушылар ақынның
«Қайран елім, қазағым, қайран жұртым»,
«Ғылым таппай мақтанба»,
«Сен мені не етесің?»,
«Әсемпаз болма әрнеге»
өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Ақынның 24-қара сөзі мен 31-қара сөзінен үзінділердің философиялық мәні талқыланып, терең ойлар ортаға салынды.
«Желсіз түнде жарық ай» әні хормен орындалып, кештің рухани әсерін арттырды.
Сонымен қатар Раманкулова Айнұр Есенжоловна Абай шығармашылығы мен кітап оқудың маңыздылығы жөнінде құнды ойларымен бөлісті.
Рухани танымға толы бұл іс-шара білім алушыларды кітап оқуға, терең ойлауға және ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үндеді.









