ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


Бүгін “Арнайы стоматологиялық пәндер” бірлестігінің “АУРУ-АУЫЗ ҚУЫСЫНАН БАСТАЛАДЫ” атты пәндік апталығы басталды.

Таңғы сағат 8.00-ден бастап Стоматология мамандығының студенттері апталықтың ашылу шарасы аясында оқытушылар мен білім алушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады, холл тақырыпқа сай безендірілген, сондай ауыз қуысының гигиенасын насихаттау мақсатында тіс щеткасы таратылды. Бірлестік жетекшісі Толкын Кушербаева апталық 5 сәуірге дейін жалғасатынын айтты. Апталыққа сәттілік тілейміз!

Колледжіміздің химия пәнінің оқытушысы Мамадосов Дастан.

Педагог-сарапшы санатты оқытушы Д.Мамадосов Озат тәжірибе мектебінің мүшесі, ол өз тәжірибесінде “Пәнаралық байланыстарды -тиімді құрастырудың жолдары” тақырыбын насихаттап жүрген ұстаз. Бүгінгі ашық сабағында өз зерттеуін әріптестерге көрсетті.

Қош келдің, әз – Наурыз

Жер-дүниені жаңартып, бусандырып жеткен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы құтты болсын! Қазақ халқы Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын үлкен құрметпен есте қаларлықтай тойлауды үрдіске айналдырған. Күн мен түн теңеліп, күн жылынып, қар еріп, жыл құстары келе бастайтын мерзім. Бұл күні қуанбайтын, шаттанбайтын адам болмайды,…

«Ең оқуға құштар топ» колледж ішілік байқау

«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында кітапхананың ұйымдастыруымен «Ең оқуға құштар топ» топтар арасында колледж ішілік байқау өткізілді. Мақсаты: Студенттердің оқуға құштарлығын арттыру. Бос уақытын тиімді пайдалану. Байқауға «Емдеу ісі» -104, «Емдеу ісі» -107 топ, «Мейіргер ісі» – 84 топ, «Мейіргер ісі» – 101 топтар қатысты. М. Әуезовтың «Қилы заманы», Б.Соқпақбаевтың…