Соңғы оқиғалар
2024 жылдың 26 қараша күні Атырау қаласында «Саналы ұрпақ» жастар клубының І-ші Республикалық слеті өтті. Республикамыздың 13 облысынан жас волонтерлар қатысып, өз өңірлерінің тарихы, сондай-ақ оқу орындарындағы «Саналы ұрпақ» волонтерлық клубы жайлы таныстырылым жасады. Слет барысында қатысушылармен психологиялық тренинг өткізіліп, нәтижесінде командалар қайта жасақталып, бекітілген тақырыпта постер жұмыстары қорғалды. Сонымен…
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңына сәйкес Қызылорда медициналық жоғары колледжінің 8 оқытушысы Турция мемлекетінің Ыстамбул қаласындағы халықаралық Medicana және Medipol Istanbul клиникаларында тәжірибе жинады. 5 күнге созылған іс-сапарда оқытушылар аталған клиникалардың базаларымен, орта буын…
Облыстық жастар денсаулығы орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда медициналық жоғары колледжінiң мәжіліс залында «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы болып өтті. Студенттер арасында ұйымдастырылған акцияда орталықтың психолог мамандары тақырып бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, тренинг өткіздi. Шара соңында сурет салу, эссе жазу және сахналық қойылым бойынша өнер көрсеткен студенттер арнайы “Алғыс” хаттармен марапатталды.
21-22 қараша күндері Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында көрнекті ғалым, географ, этнограф, қазақ мифологиясының негізін қалаушы, қазақтың тарихын, мәдениетін, сал-дәстүрін жаңғыртуда және зерттеуде үлкен үлес қосқан С.Ә.Қондыбай шығармалары насихаттау мақсатында «Серікбай Қондыбай мұралары: әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар контекстінде» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараға республиканың түкпір-түкпірінен баяндамалары іріктеуден өткен көптеген ғалымдар, педагог-ұстаздар келіп…