Соңғы оқиғалар
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде А-44 оқу тобында топ сағаты өтті. Кибербуллинг – цифрлық технологиялар арқылы қорқыту немесе қорлау әрекеті. Ол әлеуметтік желілерде, хабар алмасу қосымшаларында, ойын платформаларында және ұялы телефондарда жүзеге асуы мүмкін. Бұл қайталанатын әрекеттердің мақсаты – адамды қорқыту, ашуландыру немесе қорлау. Кибербуллингтің алдын алу және оған қарсы әрекет…
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде өткен “Үздік фармацевт — 2025” байқауына 5 студент қатысты. Қазылар-алқасының шешімімен фармацевт біліктілігін үздік меңгерген Ф-89 оқу тобының студенті Мадина Бейбіт жүлделі бірінші орынды иеленді. Жетекшісі арнайы пән оқытушысы Купеева Гулсара Амангелдіқызы. Көп ішінен топ жарған Мадина 12 наурыз күні Астанада “Даналық” медициналық жоғары колледжінде онлайн…
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде 1-наурыз Алғыс айту күні кеңінен аталып өтті. Оқу орнында «Шын жүректен, мың алғыс!» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Онда «Емдеу ісі-4» бөлімінің 4- курс студенттері ән салып, би билеп, сахналық көрініс қойды.