Соңғы оқиғалар
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің “Арнайы стоматологиялық пәндер” бірлестігінің ұйымдастыруымен 27-31наурыз аралығында «Тіс саулығы ден саулығы» атты апталық өткізіледі. Апталықтың бірінші күні – 1.Тістер коридоры «Ауыз қуысы гигиенасы» туралы ақпараттандыру (брошюра тарату); 2. Конкурс «Ойлы болсаң озып көр»(тест,сиқырлы ұяшық,жасырын сурет, капитандар сайысы) 22, 43 топтар арасында өткізілді
Бүгін колледж әдіскері Айжанова Гүлназ мейіргер ісі пәндер бірлестігі оқытушыларына сабақ мақсатына сәйкес құрылған күтілетін нәтижелерге тапсырма құру жолдарын түсіндірді. Қазіргі жаңартылған білім берудің басты талап – нәтижеге жұмыс жасау. Осы талапты арнайы пәндерде орындау педагог шеберлігі мен технологиясын көрсетеді.