ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


СТУДЕНТТЕР ТРЕНИНГКЕ ҚАТЫСТЫ

Отбасы күніне арналған апталық аясында «Анаға тағзым» орталығында «Саналы ата-ана – саналы бала» атты психологиялық тренинг өтті. Оған Қызылорда медициналық жоғары колледжі студенттері қатысты. Мақсаты — отбасы құндылығын дәріптеу, ата-ана жауапкершілігін түрлі ситуациялық жағдайлар арқылы ұғындырып, балаға саналы тәрбие беру, махаббатқа бөлеп өсірудің мән-маңызын түсіндіру. Орталық психологы А.Бақытжанқызы тренинг аясында…

ТӘРТІП САҚТАУҒА ШАҚЫРДЫ

Колледж жатақханасындағы ержігіттермен Қызылорда қалалық Полиция Басқармасының ЖПҚб ЮПБ УПИ -ры полиция капитаны Күзембаева Гаухар Ерболатқызы кездесу өткізді. Мақсаты — жастар арасындағы қорқыту, бопсалау, әлімжеттікті болдырмау, құқықбұзушылықтардың алдын-алу. Гаухар Ерболатқызы қоғамдағы жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін нақты мысалдар келтіріп, тәртіп сақтау керегін ескертті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыргүл…

СТУДЕНТТЕР ИСЛАМТАНУШЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қызылорда медициналық жоғары колледжінде Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының өкілі, исламтанушы Жұмаділда Елдос Қуандықұлы студенттермен кездесіп, дін мен дәстүр, тәртіп пен тәрбие тақырыптарында дәріс оқыды. Шараны Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде «Асыл мұра» Қоғамдық қоры ұйымдастырды.

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІППЕН ЗАҢДЫЛЫҚТАРДЫ ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА КОЛЛЕДЖГЕ ЖАҢАДАН ҚАБЫЛДАНҒАН 1 КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ. Облыстық полиция департаментінің бөлім басшысы Айдос Ақбаев, Қызылорда ҚПБ-ның ЖПҚб ЮПб УПИ-ры полиция капитаны Асқар Досмағанбетов және оқу орны директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыргүл Молдраймова қатысып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.