Соңғы оқиғалар
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Жалпы білім беру пәндері-1» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жаратылыстану ғылымына саяхат» апталығы өтті. Апта бойы түрлі қызықты іс-шаралар өткізілді, ал жабылу салтанатында қатысушыларға марапаттар табысталып, апта бойы түсірілген видеолар көрсетілді. Шара ән мен бимен әсем түрде аяқталды. Белсенді қатысқан студенттер мен оқытушыларымызға алғысымыз шексіз!
«Жалпы білім беру пәндері-1» бірлестігінің ұйымдастыруымен 06.01.2026 ж. күні биология пәнінен колледжішілік олимпиада өтті. Олимпиадаға 9-сынып негізінде білім алатын 1-курс студенттері қатысып, әр топтан 2 білім алушы өз білімдерін сынады. Олимпиада 2 турдан тұрды: I тур – тест II тур – логикалық және шығармашылық тапсырмалар Жеңімпаздар мен жүлдегерлер: I дәрежелі…
Математика пәні оқытушысы Акмурзаева Алмагуль Кожабергеновна «Емдеу ісі» бөлімінің 1 курс, 60-топ білім алушыларымен «Күрделі функцияның туындысы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында білім алушылар Kazmath платформасы арқылы 4 топқа бөлініп, белсенді жұмыс жасады. Сабақты жоспарлау кезінде құзыреттілікке бағытталған оқытуды қамтамасыз ететін «Scaffold» карточкалар жиынтығы тиімді қолданылды. Өтілген тақырыпты қайталау…
«Арнайы мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы Бәйтәжиев Рамазан Русланұлы «Медициналық әлеуметтік оңалту. Педиатрия және акушериядағы оңалту негіздері» тақырыбында Е-69 топ (1 топша) білім алушыларына ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында заманауи цифрлық әдістер тиімді қолданылды. Үй тапсырмасы «Wordwall» платформасы арқылы бағаланып, студенттер ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап берді. Келесі кезеңде білім…














