ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


Мың айдан да қайырлы Ораза айы құтты болсын!

Биыл Ораза айы 19 ақпанда басталды. Қадір түні наурыздың 16-нан 17-іне қараған түнге сәйкес келеді. Ораза айт наурыздың 20-сында басталып, үш күнге созылады. Ал Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында өтеді. Пітір мөлшері 735 теңге болып белгіленді Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті

Қызылорда медициналық жоғары колледжі кітапханасында Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Кітапханаға кітап сыйла» атты игі акция ұйымдастырылды. «Кітап сыйлау» акциясының басты мақсаты – студенттерді кітап оқуға ынталандыру, білім мен мәдениетті насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ кітап қорын толықтыру арқылы жастарды ізденіске баулу. Акция барысында оқырмандар бір-біріне және кітапханаға өздері сүйіп…

Ұжымға жаңа бағдарлама таныстырылды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарында балаларды жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасына арналған «ДосболLIKE» бағдарламасы түсіндірілді. Бағдарламаның мақсаты — білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алу және оған тиімді қарсы әрекет ету жүйесін қалыптастыру арқылы жәбірлеу фактілерін азайту. Осы бұйрықты және оқу орындары қызметкерлерінің іс-әрекеті туралы ұжымға директордың тәрбие ісі…

Білім беру ұйымдарында құқықбұзушылықтың алдын алу және буллингке қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында маңызды кездесу өтті.

Қызылорда қаласы прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры Д.Абылбекұлы мен прокурор А.Оразалиева колледж білім алушыларымен кездесіп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында құқық бұзушылықтың заң талаптарын бұзатын, қоғамға және жеке тұлғаға зиян келтіретін әрекет немесе әрекетсіздік екені түсіндірілді. Сондай-ақ: Заң мен сот алдында барлығы тең…