Соңғы оқиғалар
Қызылорда облыстық Жастар денсаулық орталығының ұйымдастыруымен қыз балаларға арналған «Қызға қырық үйден тыйым…» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті. Аталған шараға колледжімізден 25 қыз бала қатысып, қоғамдағы қыз тәрбиесі, әдеп, инабаттылық және денсаулық мәселелері жөнінде тағылымды ойлар тыңдады. Шараның ашылуында орталық директоры С. Тасмағанбетова сөз сөйлеп, іс-шараның мақсаты мен маңыздылығына тоқталды. Қонақ…
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттері Қазақстан студенттерінің альянсы ұйымдастырған бөлімдер арасынла өткен волейбол турнирінде І ОРЫН иеленді! Бұл – бірлік пен табандылықтың, қажырлы еңбек пен спортқа деген сүйіспеншіліктің айқын дәлелі. Жеңімпаз студенттерді және бапкерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерден көріне берулеріңізге тілектеспіз!
Симуляциялық орталықта медицина қызметкерлері мен студенттерге арналған тәжірибелік дәрістер, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылды. Оқытудың басты мақсаты – практикалық дағдыларды қалыптастыру, оларды автоматизм деңгейіне дейін жетілдіру және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Симуляциялық оқыту нақты клиникалық және қауіпті жағдайларға барынша жақын модельдер арқылы жүргізіледі. Бұл тәсіл: – кәсіби қателіктерді азайтуға; – жедел…
«Жалпы білім беретін пәндер – 2» бірлестігінің «XXI ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры» атты апталығы аясында математика пәнінен «Білімдіге биіктен орын» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Сайыс барысында қатысушыларға кезек-кезек қызықты логикалық сұрақтар мен есептер ұсынылып, дұрыс жауап берген топтар ұпай жинады. Студенттер өздерінің математикалық білімдері мен тапқырлықтарын жоғары деңгейде көрсетті….














