ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ

Қызылорла медициналық жоғары колледжінің оқытушысы Биболатова Салтанат Нуралиевна республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының жеңімпаздарының бірі. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған байқауға «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық» номинациясы бойынша қатысып, жүлделі III орын иеленді. Салтанат Нураливна, бұл жетістік – сіздің кәсіби біліктілігіңіздің, үздіксіз ізденісіңіздіңайқын дәлелі. Сізге алдағы уақытта да шығармашылық шабыт, жаңа биіктерді…

АҚУЫЗДАР ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АШЫҚ САБАҚ

80-топ медико–профилактикалық іс мамандығында химия пәні бойынша “Ақуыздар” тақырыбына ашық сабақ өтті. Сабақ барысында әртүрлі цифрлық платформалар мен заманауи технологиялар қолданылды: Виртуалды лаборатория, LearningApps, Wordwall.net, STEM технологиясы, JeopardyLabs, Fliki.ai жасанды интеллекті. Сонымен қатар жеке, жұптық және топтық жұмыс түрлері ұйымдастырылды. Сабақтың негізгі мақсаты – білім алушыларға ақуыз молекуласының құрылымдық деңгейлерін…

«Ұлы дала тарихы – Мәңгілік Қазақстан»

08–12 желтоқсан аралығында өтетін әлеуметтік-экономикалық пәндер апталығы аясында 08 желтоқсан күні «Ұлы дала тарихы – Мәңгілік Қазақстан» тақырыбы бойынша «Философия әлемінде» зияткерлік сайысы өтті. Іс-шара ұйымдастырушысы: Алтаева Г.Р. Зияткерлік сайыс нәтижесі бойынша: • І орын – «Емдеу ісі» бөлімі, 10 топ білім алушысы Әшірбек Нұрхан Орынбасарұлы • ІІ орын –…

«ӨЗ КӨЗІҢМЕН КӨР» акциясы жалғасуда

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің 22 білім алушысы Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына (Тасбөгет кенті) барып, сот мамандарымен кездесті. Шара барысында мамандар жастар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыс санының арту себептері, кәмелетке толмағандарға қатысты сот процестерінің өту тәртібі туралы жан-жақты түсіндірме берді. Акцияның мақсаты – жастарды қылмыстан сақтандыру,…