Соңғы оқиғалар
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мазмұнды да тағылымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Атаулы шара Емдеу ісі – 60 топ пен Мейіргер ісі – 54 топ студенттерінің ұйымдастыруымен өтті. Мерекелік кеш барысында сөз сөйлеген директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыргүл Молдраймова Тәуелсіздік күнінің тарихи маңызына…
Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің 95 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында және «Қазақстан – замананың заңғарында» атты апталық негізінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтымен бірлесе ұйымдастырылған облыстық олимпиадада колледжіміздің «Мейіргер ісі» мамандығының 83-топ студенті Абилгазим Альбина жоғары нәтиже көрсетіп, II дәрежелі Дипломмен марапатталды. Олимпиада «Қоғамдық және еңбек ұжымында әлеуметтану…
«Достық үйінде» ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім аға прокурорлары мен прокурорлары колледж білім алушыларына облысымыздағы ЕРАП – Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі порталы туралы кең көлемді ақпарат берді. Кездесу барысында қазіргі таңда құқық қорғау органдарындағы барлық жаңалықтар, елімізде орын…
Қызылорла медициналық жоғары колледжінің оқытушысы Биболатова Салтанат Нуралиевна республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының жеңімпаздарының бірі. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған байқауға «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық» номинациясы бойынша қатысып, жүлделі III орын иеленді. Салтанат Нураливна, бұл жетістік – сіздің кәсіби біліктілігіңіздің, үздіксіз ізденісіңіздіңайқын дәлелі. Сізге алдағы уақытта да шығармашылық шабыт, жаңа биіктерді…














