Соңғы оқиғалар
Облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Diamond Show» жастар баллы өтті. Салтанатты кеште Қызылорда медициналық жоғары колледжінің Емдеу ісі бөлімі, фельдшер мамандығының 1-курс студенттері Бимашев Мухаммед, Әбдіқалық Әсел ерекше өнер көрсетіп, «Сүйкімді жұп» номинациясымен марапатталды. Белсенді жастарды құттықтаймыз!
«Жастар Рухы» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалы мен Қызылорда медициналық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында Сол жағалауға өтетін аспалы көпір астындағы Сырдария өзенінің жағасында тазалық жұмыстары жүргізілді. Шара барысында «Вандализмге жол жоқ!» және «Есірткіге жол жоқ!» акциялары да өтті. Акцияны «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай ашып, тазалық…
«Жүрек-қан тамыр жүйесі бұзылыстары кезіндегі мейіргерлік көмек және күтімді ұйымдастыру» тақырыбында ашық сабақ өтті. Арнайы мейіргер ісі пәнінің оқытушысы Махмут Қылышбек Жеткергенұлы ҚБ-58 топ студенттеріне дәріс өтті. Сабақ барысында заманауи медициналық білім берудің озық бағыттарының бірі – жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары тиімді қолданылып, студенттердің клиникалық ойлау дағдыларын дамытуға баса назар…














