Соңғы оқиғалар
2024 жылдың сәуір айында Қызылорда медициналық жоғары колледжі Латвия мемлекетіндегі Рига медициналық колледжімен Евроодақ деңгейіндегі меморандумға қол қойған болатын. Осы меморандумның аясында 2 желтоқсанда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков, облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Жасұлан Баймаханов және колледжіміздің директоры Жанар Қалмақова Латвия елінде өткен халықаралық конференцияға қатысты. Конференция…
Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығымен бірлесіп, инфекцияның алдын алуға арналған іс-шара өтті. Мақсаты — АИТВ инфекциясы туралы қоғамның сауаттылығын арттыру, жұғу жолдары мен қорғану әдістерін түсіндіру. Кездесуде мамандар студенттерге АИТВ-ның алдын алу жолдарын жан-жақты түсіндіріп, тақырып бойынша пайдалы ақпараттармен бөлісті. Белсенділік танытқан студенттерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар…
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Әлеуметтік-экономикалық» пәндер бірлестігінің апталығы аясында «Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік бағдар» атты дөңгелек үстел болып өтті. Мақсаты: Қызылорда облысындағы кәсіпкерлік тенденциясы мен медициндадағы кәсіпкерлік іс-қимылдың заманауи тәжірибесі туралы пікір алмасу және білім алушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру. Дөңгелек үстелге «Сырдария ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм» бөлімінің басшысы Сәдуақасов Алмат…
”Болашақ” жоғары медициналық колледжі мен Қазақстан педагогтарының білімін дамыту және қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Білім берудегі жасанды интеллект: теориядан практикаға” тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Шараға Қызылорда медициналық жоғары колледжінің жаңашыл, ізденімпаз оқытушылары Нүрпейісова Эльмира, Биболатова Салтанат, Зейнебай Гүлзира, Сейілханова Қаламқас, Махмут Қылышбек жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланып, сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік…