ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


Қарашаның 3-і күні кәмелетке толмаған білім алушы ер балалармен “Қылмыс және жасөспірім” тақырыбында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, ОПД ЖПҚб ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Р.Е.Абрдазақова, ҚПБ Криминалды полиция бөлімінің аға инспекторы Е.Қасымов кездесуге қатысып, қылмыстық істердің адам өміріне тигізер кері әсері, келешек өмірге зардаптары т.б айтылды.

Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқа гөрі, қылмыстың алдын алу әлдеқайда жақсы. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына тәрбиелене білу, болашаққа құқықтық сауаттылықпен қадам басу қажеттілігі болып тұр. Сондықтан да құқық бұзушылыққа жол бермей білікті, жан-жақты кәсіби маман болу ең бірінші арманға айналу керек.

2-қараша күні колледж әкімшілігі мен ҚПБ ЖППБ ЮПБ аға инспекторы полиция майоры А. Мамбеталиев ұлдармен кездесу өткізді, себебі аймағымыздағы Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары, әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар туралы ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

А.Мамбеталиев Қазіргі таңдағы қылмыстардың жасөспірім тарапынан немесе топтасқан төбелестердің кездесіп жатқандығы туралы айтуымыз керек. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Колледж заңгері Т.А. Нұрымбетов:…

“Қалың мал қыздың бағасы ма, әлде бағы ма?….”

Қызылорда медициналық жоғары колледжі кітапханасы оқу залында Е-66 топ студентерімен, жазушы С. Көбеевтің “Қалың мал” романы бойынша ” Қалың мал қыздың бағасы ма, әлде бағы ма?….” атты әдеби дөңгелек үстел өтті. «Қалың мал» романы – тілінің тазалығы, көркемдігі жағынан да өзімен тұстас прозалық туындылардан өзгеше шығарма. Романда Революция алдындағы қазақ…

Колледжімізде студенттердің тұлғалық дамуына жол ашу мақсатында “Менің жетістігім – менің нәтижем” тақырыбында дебат турнирі болып өтті. Мақсаты: студенттердің білімдерін шыңдау, өзін – өзі анықтай алуына, алдына қойған мақсатына психологиялық жағынан көмек беру, жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына жол ашу.

Турнир қорытындысы бойынша 1-орын: “Алаш” фракциясы 1 спикер Әбдіғаппар Рамазан Е-63топ 2 спикер Марат Дамир Е-108топ 2-орын: “Күн мен Ай” фракциясы 1 спикер Мүслім Аяулым М-23 топ 2 спикер Серікбаева Айсана М-23 топ “Үздік спикер” номинациясымен Е-107 топ студенті Әсафи Азамат марапатталды. Турнир барысында студенттер өз ойларын ашық, сауатты жеткізе…