ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


ОҚЫРМАНДАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Қызылорда медициналық жоғары колледжі кітапханасының оқу залында «Мейіргер ісі» -5 топпен оқырмандардың оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи-мәдени мұрамызды сақтау, ана тілге қамқорлық қатынасын жақсарту, ұлттық әдебиеттерге қызығушылығын арттыру мақсатында «Отан тарихы әдебиеттерде» тақырыбында Шерхан Мұртазаның «Дәрігердің үшінші қаруы» атты шығармасына арналған оқырмандар конференциясы өткізілді. Шерхан Мұртаза пейзаж арқылы кейіпкер…

НАШАҚОРДЫҢ-ӨМІРІ ҚОР

Облыстық білім басқармасының «Нашақорлыққа қарсы бір айлық акциясы» аясында колледжіміздің «Шабыт» жобалары мүшелерінің (білім алушылар) қатысуымен «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сахналық қойылым көрсетілді. Қойылым мазмұнында нашақордың қорлыққа батқан өмірі мен туысқандарының жан айқайы сахналанды. Сахналық қойылымның негізгі мақсаты: қоғамдағы жастар арасында белең алып жатқан зиянды әдеттердің жолын кесу болатын.

Репродуктивті денсаулықты сақтау” және “Инфекциялық аурулардың алдын алу” тақырыптарында кездесу өтті

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің жатақханасында 1 курсқа қабылданған қыз балалар арасында, колледж оқытушысы акушер-гинеколог дәрігер Асқарова Артықша Қанатбайқызының қатысуымен “Репродуктивті денсаулықты сақтау” және “Инфекциялық аурулардың алдын алу” тақырыптарында кездесу өтті. Кездесу барысында студент жастар өз ойларымен бөлісіп, денсаулықтарына байланысты кеңес алды.

“Қимыл-қозғалысы шектелген қарттарға үй жағдайында күтім жасау қағидалары”

“Арнайы мейіргер ісі негіздері” пәнінің оқытушысы Пиржанова Айторы Алмасовнаның ұйымдастыруымен «Мейіргер ісі негіздері» пәнінен “Қимыл- қозғалысы шектелген қарттарға үй жағдайында күтім жасау қағидалары” тақырыбында Е-80 топ білім алушылары арасында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында сабақтың мақсаты және нәтижелері білім алушыларға таныстырылды, заманауи бағдарлама, әдіс тәсілдер қолданылды. Үй тапсырмасы «Wordwall» программасы…