Соңғы оқиғалар
21.11.2024жылы ҚМЖК “Мейіргер ісі негіздері” пәнінің оқытушысы Мусабаева Сәуле Бауыржанқызы «Емдеу ісі» бөлімінің студенттері арасында «Геронтология» пәні бойынша «Қарт жастағы адамдардың эндокриндік жүйе аурулары кезіндегі мейіргерлік күтім» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырып өткізді. Сабақтың мақсаты мен нәтижелері білім алушыларға таныстырылып, заманауи бағдарлама, әдіс- тәсілдер қолданылды.Үй тапсырмасын тексеру мақсатында ,білім алушылардан «Қант…
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде оқытушылар мен студенттердің қатысуымен «Егемен елдің-еңсесі биік» тақырыбында патриоттық бағыттағы жиын өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жастар арасында отансүйгіштік рухты арттыру, тәуелсіз елдің құндылықтарын насихаттау. Жиын барысында еліміздің тәуелсіздігі, тарихи жетістіктері туралы баяндамалар жасалып, студенттерге патриоттық тәрбие беру бағытында танымдық әңгімелер жүргізілді.
Облыс әкімінің «Нашақорлыққа қарсы бір айлық акциясы» аясында қала әкімінің тапсырмасымен 20 қараша күні облыстық «Есірткісіз болашақ» ақпараттық топ мүшелері колледжі студенттерімен кездесті. Кездесуге облыстық «Аманат» партиясының, құқық қорғау органдары мен қоғамдық емес ұйым өкілдерінен құралған топ студенттерге зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстауға, есірткісіз қоғамның болашағы жарқын болатынын, еліміздің болашағы…
Бүгін «MARKIZANT» заң компаниясының заңгерлері колледж студенттерімен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты: кәмелетке толмағандар арасында топтық төбелестің, нашақорлықтың, буллинг, кибербуллинг т.б құқық бұзушылықтардың алдын алу және зиянды әдеттерді болдырмау бағытында кеңес беру. Кездесу қонақтары қаламызда «Жасөспірім» және «Абайлаңыз балалар» түнгі рейдтік шаралар бойынша жүргізілген жұмыстармен таныстырды. Жастар мен жасөспірімдер арасында…