Соңғы оқиғалар
Дулат Исабеков – «Дермене» шығармасы: өмірдің ащы шындығы Колледж кітапханасының оқу залында білім алушыларға Дулат Исабековтің «Дермене» шығармасы кейс-стади әдісі арқылы талданды. Бұл туынды – адам тағдырының күрделілігін, өмірдің ащы шындығын терең суреттейтін шығарма. Оқушылар шығарма мазмұнын талдау барысында кейіпкерлердің өмірлік таңдауы мен ішкі жан дүниесіндегі қайшылықтарды түсінуге мүмкіндік алды….
15–22 сәуір аралығында Халық Конституциясы аясында колледж студенттері арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында семинар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Халық Конституциясының құндылықтары мен нормаларын кеңінен түсіндіру және ілгерілету жұмыстары жүргізілді. Семинарға заңгерлер қатысып, жастармен өз тәжірибелерімен бөлісті. «Жастардың құқықтық мәдениеті – жаңа Конституция жағдайында жауапты азаматтықтың негізі» тақырыбы аясында жастардың құқықтық білімін…
Қызылорда медициналық жоғары колледжіне доктор Сабина Ринас (Sabine Rienas) іс-сапармен келді. Ол Германияның SES – Senior Expert Service (Аға сарапшылар қызметі) сарапшысы – психолог-психотерапевт және психологиялық психотерапия бойынша оқу клиникасының жетекшісі ретінде мол тәжірибесі бар білікті маман. Шетелдік әріптесімізді колледж ұжымы жылы қарсы алып, Қорқыт ата ескерткішіне апарып, еліміздің мәдениеті…
«Жалпы кәсіптік пәндер-1» бірлестігінің «Жалпы кәсіптік пәндер – медицина бастауы» апталығы аясында «Өзіңе сен – жетістікке жет» тақырыбында психологиялық коучинг ұйымдастырылды. Шара барысында білім алушылар өз-өзіне сенімділікті арттыру, дұрыс мақсат қою және оған жету жолдары туралы маңызды мәліметтер алды. Сонымен қатар, түрлі тренингтік жаттығуларға белсенді қатысып, өз қабілеттерін жаңа қырынан…














