Соңғы оқиғалар
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде дәл осы тақырыппен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін құқықтық-сауаттылықты арттыру мақсатында студенттермен кездесу өтті. Онда комплаенс-офицер Ы.Серік, тәрбие бөлімінің меңгерушісі Б.Ералиев сөз сөйледі. Кездесу барысында қатысушыларға елімізде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу тетіктері және жемқорлық әрекеттері үшін көзделген заңдық жауапкершілік түрлері…
Баршаңызға белгілі Қызылорда медициналық колледжінде «Қазақстан Республикасында тәуелсіз мейіргерлік қызметтің озық тәжірибелерін енгізу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде өтті. Оған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы Елдік кеңсесінің басшысы Скендер Сыла, онлайн режимде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге, Германия, Қырғызстан,…
Колледжде 1-2 курс білім алушыларына арналған «Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алу» тақырыбында психологиялық кеңес беру шарасы өтті. Іс-шараны колледж психологы Ж.Ашимова өткізді. Кездесудің мақсаты – жастарды қазіргі қоғамда белең алып отырған зиянды әдеттерден сақтандыру, суицидтің алдын алу, саналы өмір сүруге, сапалы білім алуға және болашаққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу…
Бүгін колледжде 9-сыныптан кейін оқуға түскен 1-курс білім алушы қыз балалармен «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Т. Молдраймова, колледж психологы Ж. Ашимова және техникалық қызметкер М. Нагызбаева қатысты. Кездесуді ашқан Сырғұл Тұтқабайқызы: – «Қыз» – қасиетті сөз. Оның қасиеттілігі –…