ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


«Білім, Ғылым, Медицина» тақырыбындағы ғылыми – теориялық конференция

2023 жылдың 17 мамыр күні колледжішілік «Білім, Ғылым, Медицина» тақырыбындағы ғылыми – теориялық студенттер конференциясы болып өтті. Конференцияға колледждегі пәндік үйірмелерде талқыланатын мәселелер негізіндегі өзекті тақырыптар талқыланды. Конференцияға қатысу үшін 16 өтініш келіп түсті. Конференция жұмысына сарапшылық жасағандар: 1. Жундабекова С.С.-директордың орынбасары; 2. Сейтова А.А.-директордың орынбасары; 3. Айжанова Г.С.-әдіскер; 4….

КӘСІБИ БАҒДАР ЖАЛҒАСУДА

Ж. Махамбетов атындағы №43 орта мектебінде 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беоу мақсатында “Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар” атты кездесу кешіне Қызылорда медициналық жоғары колледжі тарапынан Акбаева Айдана Талғатқызы қатысып, білім алушыларға мамандықтар түрлерін, 95 жылдық тарихы бар колледжімізді таныстырып келді.

ӘРІПТЕСІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Бүгін Талдықорған қаласында өткен “Денсаулық саласы” бойынша медициналық жоғары колледжілердің арнайы пәндер оқытушылары арасында өткен кәсіби байқауда колледжіміздің хирургия пәнінің оқытушысы ЖИДЕБАЕВ АЙДОС КҮМІСБЕКҰЛЫ жүлделі ІІ орын иеленді. Республикамыздың әр жерінен келген 17 сайыскерлердің ішінен топ жарып жүлделі орынның бірін қанжығасына байлаған Айдос Күмісбекұлына ұжым атынан ризашылығымызды білдіріп, алдағы еңбек…

Колледж білім алушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша шаралар аясында Емдеу ісі-107 топқа “Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Колледждің бастапқы әскери дайындық пәні оқытушысы Төлеген Б. және Комплайнс қызметкері А. Жарылқасынұлының қатсыуымен өткен пікір алаңында студенттер жемқорлыққа төзбеушілік жайлы ойларын айтты