ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


Қызылорда облыстық прокуратурасының 2023 жылғы 25 сәуірдегі №2-10-21-02541 хатына сәйкес облыста қабылданған «Есірткісіз Аймақ» жобасын іске асыру бойынша Қызылорда медициналық жоғары колледжі кітапханасы оқу залында«Нашақорлық ғасыр дерті» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге Е-73 топ студенттері ,кітапхана менгерушісі Раманкулова А.Е, жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Сексенбаева Құралай және колледж мейіргері Тобаш Раушан қатысты. Болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамның денсаулығына байланысты екенін, денсаулықты сатып алуға болмайтындығын , ғасыр дерті болып отырған нашақорлық ауруының зиянды әдет екенін түсіндіре отырып, одан аулақ болуға тәрбиелеу.

Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «1 мамыр – Қазақстан халықтарының ынтымақ күні атты» бірлік күніне арналған мерекелік концерт өткізілді.

Іс-шара барысында колледжіміздің белсенділері өз өнерін паш етіп, көрермен көрайымы атанды.Ән салып, би билеген жастар мерекені ерекше көңіл күймен тойлады.

ОҚЫТУШЫЛАРЫМЫЗ ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНЕ КӘСІБИ БАҒДАР ЖҮРГІЗУДЕ

Кеше №176 орта мектепте 9 сынып оқушыларына арналған “Мамандық таңдау – басты бағдарымыз” атты жәрмеңкесіне колледж оқытушылары Саим Ляйля мен Орынбасар Ботакөз қатысып, мектеп окушыларына медициналық мамандықтар бойынша кәсіби бағдар берді.