Соңғы оқиғалар
Студенттік өмір – адамның жастық шағында,шаршауды білмей, ізденумен, танысумен, табысумен өтетін, ерекше естеліктерімен есте қалатын шақ ешқашан ұмытылмайды. Бүгін осы мерекеге орай, жатақханамызда “Студенттер күні”- не арналған ерекше кеш өтті. Бұл кеште жалындаған жастық шақ пен достық және шығармашылықтың керемет үйлесімі көрініс тапты! Кешке қатысушылар бір-бірімен жақын танысып, жаңа достар…
15.11.2024жылы І курсқа түскен білім алушыларымызды студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Шара барысында колледж директоры Калмакова Жанар Амангелдіқызы алғы сөз сөйлеп, медициналық мамандыққа ден қойып, білім аламын деп келген жас өрендерді жақсы оқуға, мықты маман болуға шақырып, студенттік өмірлеріне сәттілік тіледі. Шара барысында Жанар Амангелдіқызы 22 оқу топтарының кураторлары мен…
Қызылорда медициналық жоғары колледжі кітапханасының оқу залында «Мейіргер ісі» -5 топпен оқырмандардың оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи-мәдени мұрамызды сақтау, ана тілге қамқорлық қатынасын жақсарту, ұлттық әдебиеттерге қызығушылығын арттыру мақсатында «Отан тарихы әдебиеттерде» тақырыбында Шерхан Мұртазаның «Дәрігердің үшінші қаруы» атты шығармасына арналған оқырмандар конференциясы өткізілді. Шерхан Мұртаза пейзаж арқылы кейіпкер…
Облыстық білім басқармасының «Нашақорлыққа қарсы бір айлық акциясы» аясында колледжіміздің «Шабыт» жобалары мүшелерінің (білім алушылар) қатысуымен «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сахналық қойылым көрсетілді. Қойылым мазмұнында нашақордың қорлыққа батқан өмірі мен туысқандарының жан айқайы сахналанды. Сахналық қойылымның негізгі мақсаты: қоғамдағы жастар арасында белең алып жатқан зиянды әдеттердің жолын кесу болатын.














