ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


“Global” пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен колледжішілік “Біз нашақорлыққа қарсымыз” тақырыбында дебат турнирі өткізілді.

Мақсаты: нашақорлықтың алдын алу және оқушылар арасында таралуына жол бермеу, зияны мен зардабын ұғындыру. Спикерлер нашақорлық тақырыбын жан-жақты талдап, жаман әдеттен аулақ болуға шақырды. Дебат турнирі қорытындысы бойынша: 1орын: “Элита” фракциясы 2орын: “Алаш” фракциясы 3орын: “Тастүйін” фракциясы Үздік спикер: Мұратұлы Мұхаммеджан

Бүгін колледжіміздің 95 жылдық мерейтойы шеңберінде қыздар арасындағы волейболдан турнир өтті. Турнир колледжді 30 жылға жуық басқарған Даутбаева Сара Төлегенқызының рухына арналды.

Аталған шараны ашуға денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Шайымбетов, білім басқармасы басшысының орынбасары Ә.Ізімбетов және қоғам қайраткері А.Божановалар сөз сөйлеп, Сара Төлегенқызы жайлы, оқу орнының бағындырған белестері туралы жылы лебіздерін білдірді. Жарысқа барлығы он колледж қатысып, нәтижесінде 1 орынды М.Маметова ат. Жоғары Педагогикалық колледж, 2 орынды Қызылорда жоғары көпсалалы колледж,3…