Соңғы оқиғалар
2026 жылдың 10 қыркүйегінде Қызылорда жоғары медициналық колледжінің 1-курс студенттеріне арналған құқықтық сауаттылықты арттыру және жасөспірімдер арасындағы тәртіпсіздіктің алдын алу мақсатында маңызды кездесу ұйымдастырылды. Шараға учаскелік полиция инспекторы, ҚҚб ЮПб УПИ-ры Романов Батырбек арнайы қатысып, кәмелетке толмаған жастармен ашық әңгіме жүргізді. Тәртіп сақшысы өз сөзінде 18 жасқа толмаған жасөспірімдердің құқықтары…
2026 жылдың 9 қыркүйегінде Қызылорда жоғары медициналық колледжінде студенттердің діни сауаттылығын арттыру және теріс діни идеологиялардың алдын алу мақсатында өзекті кездесу өтті. Білім ордамызға Қызылорда облысының дін істері басқармасының «Діни мәселелерін зерттеу орталығының» маманы, танымал журналист Сәкен Алдашбаев арнайы келіп, студенттермен жүздесті. Кездесу барысында білікті маман жасөспірімдер мен жастар арасында…
2026 жылдың 4 қыркүйегінде Қызылорда жоғары медициналық колледжінде білім алушы жастардың рухани дүниесін байыту және оқу мәдениетін дамыту мақсатында маңызды шара өтті. Колледждің кітапхана бөлімінің меңгерушісі Жаманкулова Айнұр Есенжолқызының ұйымдастыруымен студенттерді ауқымды «Кітап оқитын ұлт» марафонына тіркеу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Кітап оқитын ұлт» марафоны — халық арасында, әсіресе жастар…
1-қыркүйек – Білім күніне орай Қызылорда жоғары медициналық колледжінде «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» атты салтанатты жиын өтті. Алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқан жас толқын мен білім ордасының ұстаздары үшін бұл күн ерекше маңызға ие болды. Салтанатты шара аясында еліміздің басты құжаты…














