ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


“ҮЗДІК ФАРМАЦЕВТ-2023”

Колледжішілік байқауда “Фармация” мамандығының студенті Амангелді Анель “үздік” деп танылып, республикалық сайысқа жолдама алды. Студентті кәсіби сайысқа дайындаған фармация арнайы пәндер оқытушылары Калия Жунисова , Купеева Гулсара Амангелдиевна . Жеңімпазымызды құттықтай отырып, студентімізге алдағы үлкен байқауда топ жаруына сәттілік тілейміз!

КОЛЛЕДЖДІҢ 95 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АЯСЫНДАҒЫ «АЛҒЫС АЙТУ»

Үстіміздегі жылы колледжіміздің құрылғанына 95 жыл толмақ. Аталған мерейтой аясындағы іс-шаралар жоспары ауқымды. Сондай шараның бірі- «Алғыс айту» күніне арналған «Шын жүректен, мың алғыс!» атты мерекелік кеш бүгін өтті. Мерекеге облыстық білім басқармасының басшысы М.З.Шермағанбет, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары М.Ж.Шайымбетов, денсаулық саласы мамандары, ата-аналар, ұстаздар мен студенттер қатысты. Шараға…