ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Болашақ Жоғары Медицина Колледжі мен Қызылорда Облыстық Оқу Орталығының ұйымдастыруымен өткен “МЕНІ ҚЫЗЫҚТЫРАТЫН ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ӘЛЕМІ” атты облыстық сайыстан студентіміз Төлепберген Рамазан І ОРЫН алып, колледжіміздің мерейін көтерді. Рамазанды сынақ бәйгесіне баптаған химия пәнінің оқытушысы Сейтжанова Маржан. Шәкірті мен жетекшісін ұжым атынан құттықтай отырып, алар асуларыңыз биіктей берсін демекпіз!

Қарымды қаламгер Төлен Әбдіков

Колледж кітапханасында «Қазақстан студенттер Альянсы» ұйымымен бірлесіп жазушы Төлен Әбдіковтың кітаптарына, соның ішінде «Оң қол» шығармасына Кітап бенефисі болып өтті. «Қазақстан студенттер Альянсы» ұйымының жетекшісі Қасымханова Нұрай, Рүстембек Ақбота студенттерімізді жыл бойына Төлен Әбдіковтың шығармаларын оқуға шақырды.