Соңғы оқиғалар
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Білім беру процесінде жасанды интеллектіні тиімді енгізу және пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбындағы облыстық шеберлік сыныбы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Шараның мақсаты – педагогтардың ЖИ құралдарын тиімді қолдануын дамыту, оқыту сапасын арттыру және цифрлық мәдениетті қалыптастыру. Шеберлік сыныбына өңірдің бірнеше оқу орындарының тәжірибелі педагогтары қатысып, өздерінің ғылыми-әдістемелік тәжірибелерімен…
1993 жылы 15 қарашада теңге айналымға шықты. Бұл күн ұлттық валюта – теңге күні. Қызылорда медициналық жоғары колледжінде Ұлттық теңге күніне арналған тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға Емдеу ісі бөлімі, 1-курс, 63-топ білім алушылары қатысты. Топ жетекшісі Рүстемова Гүлзия Зейнуллақызының ұйымдастыруымен өткен шарада студенттерге Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің тарихы,…
Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған іс-шара 10 желтоқсан күні колледж кітапханасының каворкинг орталығында Емдеу ісі–94 тобының қатысуымен Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған топ сағаты өтті. Іс-шара барысында ұлт зиялысы, ағартушы-қайраткер Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы кеңінен талқыланды. Оның «Оян, қазақ!» жинағы — халқымызды надандық пен жалқаулықтан арылып, отарлық бұғаудан құтылуға…
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Еңбегі адал – жас өрен» атты сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шараға «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» мамандығының 1-курс білім алушылары белсенді түрде қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа адал еңбектің маңызын түсіндіру, олардың қабілеттерін ашу, болашақ…














