ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


Бүгінгі озат тәжірбие мектебінде ерекше технология ұсынылды.

Бүгінгі озат тәжірбие мектебінде ерекше технология ұсынылды. “Педагог- зерттеуші” санатты, тарих пәнінің оқытушысы Нұрпейсова Элмира Серікбайқызы “Жобалау технологиясы” жайында өз тәжірбиесін ұсынды. Элмира Серікбайқызының айтуынша оқытуда бұл технологияны оқытушы кеңінен, жүйелі қолданса білім алушы тек өз бағытындағы біліммен ғана шектелмей әлеуметтік- экономикалық мәселелерді де шешуге де қауқарлы болады дейді. Әдістемелік…

«Мейіргерлер» шеберлік сынып өтті

25 қаңтарда «Арнайы мейіргер ісі негіздері 1,2» бірлестігі «Мейіргерлік технологиялар» тақырыбында шеберлік сабағын өтті. Шеберлік сабақта 1.Ауыр халдегі пациенттердің жеке бас гигиенасы 2.Дәрілік заттарды парентеральді тәсілмен енгізу «Ауыр халдегі пациенттердің жеке бас гигиенасы» тәжірибелік сабағында: —Пациентке көз күтімін жүргізу техникасы -Мұрын күтімін жүргізу техникасы -Ауыз қуысының күтімін жүргізу техникасы -Құлақ…

Модульдік оқыту технологиясы – білім алушылардың тұлғалық дамуын қалыптастыратын қызықты және күрделі технология

Модульдік оқыту технологиясы- білім алушылардың тұлғалық дамуын қалыптастыратын қызықты және күрделі технология. Онымен жұмыс жасау оң нәтижеге қол жеткізетінін физика пәнінің оқытушысы Жамалатова Гүлмира өз тәжірбесінде дәлелдеген. Физика пәнінің “педагог-сарапшы” санатты оқытушысы, озат тәжірибе мектебінің мүшесі Гүлмира Орынбековна өз тәжірибесі мен ұсынысын ортаға салып, әріптестерінің қолдауына ие болды

КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫСТАРЫ

Бүгін, #278 IT мектеп-лицейінде “Мамандығым-болашағымның кепілі” атты мамандық таңдау кеші өтті. Қызылорда медициналық жоғары колледжі тарапынан колледжіміздің оқытушысы Акбаева Айдана Талғатқызы қатысты. Білім алушыларға мамандық таңдау маңызды екенін, медициналық мамандықтардың өте үлкен жауапкершілікті қажет ететінін атап өтті. Білім алушылар өздерінің қызықтыратын сұрақтарын қойып, толық мағлұмат алды.