ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


Колледж студенттеріне референдумның маңызы мен мәні түсіндірілді.

Кездесу барысында Ата заңға енгізілетін өзгерістер таныстырылып, олардың қоғам дамуына әсері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Кездесу соңында жастар ел өміріндегі маңызды саяси үдерістерге бейжай қарамай, референдумға белсенді қатысуға шақырылды.

Психологиялық жағымды қарым-қатынас күні

Қызылорда медициналық жоғары колледжінде психологиялық апталық аясында 1 курс студенттеріне арналған мазмұнды тренингтер ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — білім алушылардың эмоционалдық сауаттылығын арттыру, өзара сыйластық пен қауіпсіз орта қалыптастыру. «Менің эмоцияларым» тақырыбында студенттер өз сезімдерін тану және басқару жолдарын үйренді. «Буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тренингінде жағымсыз әрекеттердің алдын алу, қорғану…

Студенттер – маңызды қоғамдық диалог алаңында

Қызылорда медициналық жоғары колледжі студенттері Отбасы орталығында өткен «Отбасы құндылықтары және Конституция» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Шараның мақсаты – отбасы институтының қоғамдағы стратегиялық маңызын кеңінен талқылау, Қазақстан Республикасының Конституциясы аясында бекітілген отбасы, ана, әке және баланы қорғау жөніндегі нормалар мен қағидаттарды түсіндіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ отбасы тәрбиесі…

МЕЙІРГЕРЛЕРДІҢ БІЛІМІ ЖАҢАРЫП, ТӘЖІРИБЕСІ ТОЛЫҚТЫ

Қызылорда медициналық жоғары колледжінде 16–20 ақпан аралығында «Мейіргерлік қабылдаудың дәлелді практикасы: клиникалық мейіргерлік нұсқаулықтар, мейіргерлік диагноздар» тақырыбында біліктілік арттыру циклы өтті. Іс-шараны облыстық Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Қызылорда медициналық жоғары колледжі және Қызылорда облысының мейіргерлер ісі мамандарының ассоциациясы қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Семинар Қазақстан Республикасының 2024–2026 жылдарға арналған мейіргер ісін дамыту…