Соңғы оқиғалар
Модульдік оқыту технологиясы- білім алушылардың тұлғалық дамуын қалыптастыратын қызықты және күрделі технология. Онымен жұмыс жасау оң нәтижеге қол жеткізетінін физика пәнінің оқытушысы Жамалатова Гүлмира өз тәжірбесінде дәлелдеген. Физика пәнінің “педагог-сарапшы” санатты оқытушысы, озат тәжірибе мектебінің мүшесі Гүлмира Орынбековна өз тәжірибесі мен ұсынысын ортаға салып, әріптестерінің қолдауына ие болды
Бүгін, #278 IT мектеп-лицейінде “Мамандығым-болашағымның кепілі” атты мамандық таңдау кеші өтті. Қызылорда медициналық жоғары колледжі тарапынан колледжіміздің оқытушысы Акбаева Айдана Талғатқызы қатысты. Білім алушыларға мамандық таңдау маңызды екенін, медициналық мамандықтардың өте үлкен жауапкершілікті қажет ететінін атап өтті. Білім алушылар өздерінің қызықтыратын сұрақтарын қойып, толық мағлұмат алды.
Интербелсенді оқыту әдістерінің бірі – «Сатылай кешенді оқыту»технологиясы. Осы технологияны колледжде жас мамандар мен әріптестер ортасында насихаттап жүрген қазақ тілі пәнінің оқытушысы, озат тәжірибе мектебінің мүшесі Рүстемова Гүлзия Зейнуллақызы. “Педагог-сарапшы” санатты оқытушы технологияның бірнеше әрекеттеріне кеңінен түсіндірме беріп, өз тәжірибесінен үзінді көрсетті
Білім алушы жаңа сабақты алғаш қабылдауда міндетті түрде кедергіге тап болады. Осы тұста оқытушының сан қырлы еңбегі маңызды. Сондай нәтижелі жұмысты озат тәжірибе мектебінің мүшесі, ” педагог-сарапшы” санатындағы ұстазымыз, химия пәнінің мұғалімі Мамадосов Дастан өз тәжірибесінде насихаттап жүрген оқытушы. “Кедергілерді жою” технологиясын ұтымды пайдалана білгенде білім алушылардың ғылыми көзқарасын да…