ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖҮРЕК ІСІ

Қасиетті Рамазан айының мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін рухани құндылықтарын негізге ала отырып, «Емдеу ісі-1» бөлімі оқытушылары мен студенттері игі бастама көтерді. Ұжым бірлесіп «Жақсылық қораптарын» ұйымдастырып, жастайынан ата-анасынан айырылған екі студентке табыстады. Қораптарға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік пен пайдалы заттар салынып, шынайы жанашырлықпен әзірленді. Бұл шара – тек материалдық көмек…

АТА ЗАҢ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК: ҰЖЫМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ ӨТТІ

Қызылорда медициналық жоғары колледжінде ұжыммен кездесу өтті. Онда колледж директоры Жанар Қалмақова Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер бойынша мазмұнды баяндама жасады. Баяндамасында Ата Заңға енгізілетін толықтырулардың маңызына тоқталып, олардың ел дамуы мен қоғам өміріндегі рөлі туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар алдағы республикалық референдумның маңыздылығын атап өтіп, әрбір азаматтың белсенділігі –…

Колледж студенттеріне референдумның маңызы мен мәні түсіндірілді.

Кездесу барысында Ата заңға енгізілетін өзгерістер таныстырылып, олардың қоғам дамуына әсері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Кездесу соңында жастар ел өміріндегі маңызды саяси үдерістерге бейжай қарамай, референдумға белсенді қатысуға шақырылды.

Психологиялық жағымды қарым-қатынас күні

Қызылорда медициналық жоғары колледжінде психологиялық апталық аясында 1 курс студенттеріне арналған мазмұнды тренингтер ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — білім алушылардың эмоционалдық сауаттылығын арттыру, өзара сыйластық пен қауіпсіз орта қалыптастыру. «Менің эмоцияларым» тақырыбында студенттер өз сезімдерін тану және басқару жолдарын үйренді. «Буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тренингінде жағымсыз әрекеттердің алдын алу, қорғану…