Соңғы оқиғалар
Қызылорда медициналық колледжінде маңызды тренинг өтті Өрт сөндіру бөлімі мамандарына арналған «Алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері-парамедик дайындау» атты семинар-тренинг өтті. Оған Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қатысты. Тренинг барысында термиялық және химиялық күйіктер, үсік, электр жарақаты, суға бату, сүйек сынулары, уланулар, сондай-ақ жүрек-өкпе реанимациясы (СЛР) бойынша негізгі алғашқы көмек…
Тілдер апталығы аясында 2025 жылдың 6 қарашасында “Learning English – discovering cultures”поэтикалық кеші өтті. Іс — шара көрнекті ақындар-Абай Құнанбайұлы мен Уильям Шекспирдің шығармашылығымен танысу арқылы студенттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.Іс-шараның мақсаттары: Абай мен Шекспир поэзиясы арқылы рухани және адамгершілік құндылықтарды дәріптеу; * екі халықтың әдеби байланыстары мен…
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері ұйымдастырған шара бірінші және екінші курс студенттерінің басын қосты. Әдеби кештің мақсаты – жастарды Қазақстан мен Ресейдің мәдени мұраларымен таныстыру, сондай-ақ классикалық поэзияға деген қызығушылықты дамыту. Бағдарлама барысында қатысушылар Абай Құнанбайұлы мен Александр Сергеевич Пушкиннің өмірбаяны мен шығармашылық мұрасымен танысып, өлеңдерін оқып, шығармашылық қойылымдар…
Сабақтың тақырыбы: «Көктамырдан қан алу техникасы. Егуден кейін болатын асқынулар».Ашық сабақ барысында студенттер көктамырдан қан алу алгоритмімен, асептика және антисептика талаптарымен, сондай-ақ инъекциядан кейін туындауы мүмкін асқынулар және олардың алдын алу жолдарымен жан-жақты танысты. Теориялық және практикалық бөлімнің ұштастырылуы студенттердің кәсіби дағдыларын тиімді меңгеруіне мүмкіндік берді. Сабақтың ерекшелігі — оқу…














