Соңғы оқиғалар
«Мейіргерлік технологиялар» пәні бойынша емдеу ісі 94-топ білім алушылары пән мұғалімі Жумашева Светлана Абаевнаның жетекшілігімен Қызылорда қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында клиникалық сабақтарын өткізді. Практика барысында студенттер пациентке күтім жасаудың негізгі қағидаларын, санитариялық-гигиеналық талаптарды, алғашқы медициналық көмекті және кәсіби этика нормаларын тәжірибе жүзінде меңгерді. Егде жастағы адамдармен жұмыс жасау…
Бүгін колледж білім алушыларымен Қызылорда облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының маманы Жусупбеков Азамат Нұрлыбекович және Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Бәкида Оралхан Пазылханұлы кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – адам саудасының алдын алу, оның құрбаны болмау жолдарын түсіндіру және жастардың құқықтық сауаттылығын…
Бүгін колледждің І курс білім алушыларымен учаскелік полиция инспекторы, ҚҚб ЮПб УПИ-ры Романов Батырбек кездесу өткізіп, облыстық «Қауіпсіз жол!» және «Жазғы демалыс!» жедел-профилактикалық іс-шараларының маңызы мен мақсатын түсіндірді. Кездесу барысында білім алушыларға алдағы жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр адамның өз өміріне деген жауапкершілігі екені айтылды. Әсіресе: суда…
Бүгін колледжімізде білім алушыларға арналған құқықтық сауаттылық тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Кездесуге Амангельды Қалыбек — МҚТУ докторанты, «Әділдік Жолы» ҚБ Түркістан облысы бойынша экс-жетекшісі және Ерасыл Төлебаев — ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және Ұлттық корпоративтік басқару академиясының лекторы, «Право Выбора» ҚБ директоры арнайы қонақ ретінде қатысты. Дәріс барысында…














