ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


ЖАСТАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ: ТӘРТІП ПЕН ҚАУІПСІЗДІКТІ НЫҒАЙТУ

Бүгін Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әбілпатта Алмас Әбдіғаппарұлы жастармен кездесіп, буллингтің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелерін талқылады. Іс-шараның мақсаты — жастарға буллингтің зиянын түсіндіру, әлімжеттік, топтық төбелес секілді келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларды заң талаптарын сақтауға шақыру. Кездесуге Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ювеналды…

«Заң мен тәртіп – қауіпсіз орта кепілі»

Бүгін колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыргүл Молдраймова мен колледж заңгері Талғат Нурумбетов кәмелет жасқа толмаған 1 курс білім алушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Сыргүл Тұтқабайқызы жасөспірімдер арасында кездесетін әлімжеттік, буллинг, күш қолдану секілді құқықбұзушылықтардың салдары ауыр болуы мүмкін екенін айтып, оның алдын алудың маңыздылығына тоқталды. Ал колледж заңгері…

Студенттер арасында дөңгелек үстел өткізілді.

Тақырыбы: «ЖИ-дің пациентке медициналық қызмет көрсетудегі артықшылықтары мен кемшіліктері» Іс-шара барысында студенттер жасанды интеллект технологиясының медицина саласындағы мүмкіндіктерін, пациентке көрсетілетін көмектің сапасын арттырудағы рөлін және оны қолданудағы өзекті мәселелерді талқылады. Жасанды интеллект арқылы медициналық қызмет сапасын жақсарту, уақытты үнемдеу және шешім қабылдаудағы тиімді тұстар кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, технологияны…

«Пациенттің өмірлік көрсеткіштерін бақылауда жасанды интеллекттің рөлі» тақырыбында үйірме жұмысы аясында ақпараттық-акциялық іс-шара ұйымдастырылып, қатысушыларға арнайы брошюралар таратылды.

Брошюраларда жасанды интеллекттің медицина саласындағы маңызы, пациенттің жүрек соғысы, қан қысымы, дене температурасы және тыныс алу жиілігі сияқты өмірлік көрсеткіштерін үздіксіз бақылаудағы артықшылықтары туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, заманауи технологиялардың ауруларды ерте анықтаудағы, дәрігерлердің жұмыс тиімділігін арттырудағы және пациент қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі түсіндірілді. Іс-шараны үйірме жетекшілері Жумагулова Салтанат…