Қызылорда қаласы
«ДиЛМАШ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жатақханасы
Толық атауы |
Қызылорда қаласы «Дилмаш» ЖШС |
Жатақхана директоры |
Досмаилов Азат Бахытбекович |
Заңды мекен жайы |
Қызылорда қаласы Ғ.Мұратбаев көшесі №1 Б E-mail: azat_inter@mail.ru |
Байланыс нөмірі |
87010889987 |
Құрылуы |
Жатақхана 2019 жылдың қазан айының 19 жұлдызында іске қосылды. |
Сыйымдылығы |
330 орын |
Жалпы ауданы |
3382 м2 |
Жатақхана тәрбиешілері: |
Алтаева С Кулымбетова Б Қуанова А Сексенбаева С |
Қызылорда медициналық жоғары колледжі жатақханасы студенттерінің орналасу және тұру ережелері
Ережелер колледж жатақханасының жүйелі нормативті актісі болып табылады, оның орындалуы тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен студенттік жатақханада тұратын барлық тұрғындарға талап етіледі.
ҚР Үкіметінің 2015-ші жылғы 14-сәуірдегі № 200 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында» жоғары оқу орындарға оқитындарға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет стандартына сүйеніп отырып қабылдау комиссия мүшелері арқылы жатақхана студенттер қабылданады.
Студенттік жатақханаға орналастыру және орын ұсыну тәртібі
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қызылорда медициналық колледж басшысының атына жатақханадан орын беру туралы өтініш;
2) отбасы болған жағдайда, отбасының құрамы туралы анықтама;
3) ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);
4) отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін);
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 142-І бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9377 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігін растау туралы анықтама;
6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқықты растау туралы анықтама немесе жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жоқтығы туралы анықтама;
7) жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін). Құжаттардың қабылданғанын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ мөртаңба, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, қолхат беру болып табылады.
Жатақханадан орын беру барлық мұқтаж студенттерді қамтуға кепілдік бермейді. Студенттік жатақханадағы орын төмендегідей тәртіппен беріледі:
1) Қазақстанның басқа өңірлері мен алыс аудандардан келген студенттерге;
2) ата-ананың қарауынсыз қалған жетім студенттерге;
3) жартылай жетімдерге;
4) мүгедектерге;
5) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған аналардың балаларына;
6) жағдайы төмен және көп балалы жанұядан шыққан студенттерге.
1.Жатақханаға орналастыру жатақхана меңгерушісімен (комендант) тұрғылықты орынды жалдау туралы келісімшарт негізінде, орналасушының жеке куәлігі және денсаулығы жөніндегі анықтама, негізінде жүзеге асады.
2.Отбасын құрған студенттерге жатақханадан орын беру туралы шешім жалпы ереже негізінде қарастырылады.
3.Білім алушылар жатақханаға орналасу барысында осы Ережелермен колледждің ішкі еңбек тәртібінің Ережелерімен танысып тұрмыстық құралдарды пайдалану кезінде техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықпен танысуы тиіс, жеке электртұрмыстық құрылғыларды пайдаланудың белгіленген тәртібімен және жатақханада орынды босату тәртібімен танысуы тиіс.
- Студенттік жатақханада тұру ақысының мөлшерін жатақхана әкімшілігінің келісімшартымен бекітеді.
- Студенттік жатақханада тұру ақысы ондағы тұрған (оқу жылы), демалыс уақытын қосқанда барлық уақытқа алынады, білім алушылардың демалыс уақытында үйіне қайтқан жағдайда төсек орын заттарын және қосымша қызметтер үшін ақы алынбайды.
- Тұрғын тұрғылықты орынды жалдау келісімшартын бұзған жағдайда үш күн аралығында орнын босатуы тиіс, жатақхана меңгерушісіне шығу өтінішін жазып, ата-анасының рұқсатымен, топ жетекшісіне жатақханадан шығуы ескертіледі,(комендант) тұрғылықты орынды таза және алынған құрал-жабдықтарды жұмыс күйінде тапсыруы тиіс.
7.Тұрғылықты орынды жалдау келісімшарты екі данада жасалады, бір данасы тұрғында, екіншісі жатақхана меңгерушісінде (комендантта) сақталады.
Студенттік жатақхананың кіріп-шығу тәртібі
- Студенттік жатақханаға кіріп-шығу тәртібі жүзеге асырылады:
– өмір сүрудің тәртібі мен қауіпсіздігі бойынша кезекші вахтерлермен тәулік бойы:
- Жатақхана әкімшілігінің студенттік жатақханада белгіленген тәртіпті сақтау талабы барлық тұрғындарға бірдей қойылады.
- Студенттік жатақханаға кіру үшін тұрғындарға белгіленген үлгі бойынша өту қағазы беріледі. Өту қағазы студенттік жатақханаға кіру үшін негізгі құжат болып табылады. Жатақханаға келген қонақ жеке куәлігін көрсету арқылы кіреді.
Тұрғындар қонақты вахтада қарсы алуға міндетті. Вахтада келген қонақтың жеке куәлігі және осы тұрғынның өту қағазы қалады.
4.Қонақ қайтқан жағдайда тұрғын қонақты вахтаға дейін шығарып салуы тиіс.
- Жатақхана тұрғындарының жанұясының мүшесі студенттердің денсаулығын, тәртібін, тазалығын жағдайын білу үшін жатақхана әкімшілігінен рұқсат алып, төл құжатпен кіреді.
- Жатақханада тұратын немесе олардың қонақтары жатақханаға уақытша қонақ болған кезде жатақхана ережелерін бұзған жағдайда, жатақхананың меңгерушiсi (комендант) бұзушылық жасағандардан түсiнiктеме алып, тәртiптiк шара қолдану үшін колледж тәрбие ісі орынбасарына тиiстi қызметтiк хатпен бiрге жіберіледі.
- Кезекші (вахтер) бөтен тұлғалардың жатақханада тәртіп бұзушылық болуы мүмкін деп қауіптенетін жағдайда оларды жатақханаға кіргізбеуге құқылы.
- Мұндай шешімге шағымдануды жатақхана меңгерушісі (комендант) арқылы, ол болмаған жағдайда кезекші оқытушы және тәрбие орынбасары арқылы шешуге болады.
- Жатақхана қызметкерлеріне кез-келген дөрекі қарым-қатынас, өту қағазы мен жеке куәлікті көрсетуден бас тарту осы Ержелерді және ішкі еңбек тәртіп ережесін дөрекі түрде бұзу болып табылады.
Студенттік жатақхана тұрғындарының құқығы
Студенттік жатақхана тұрғындары құқылы:
– өздеріне бекітілген тұрғылықты бөлмеде осы Ережелерді, ішкі еңбек тәртібінің ережесі және тұрғылықты орынды жалға алу келісімін сақтаған жағдайда, оқудың барлық мерзімінде тұруға құқылы;
– өздік жұмыс жасауға арналған бөлмелерді, мәдени-тұрмыстық шараларға арналған орындарды, жатақхананың қондырғылары мен жабдықтарын қолдануға құқылы;
– жатақхана меңгерушісіне (комендантқа) және жатақхана тәрбиешілеріне уақтылы жөндеу жұмыстарын жасау туралы, тұрғынның кінәсінен емес істен шыққан қондырғылар мен жабдықтарды ауыстыру туралы өтініш жасауға құқылы;
– жатақхананың студенттік кеңесін қалыптастырып, оған мүше болып сайлануға құқылы;
– жатақхана студенттік кеңесі арқылы тұрғын үй-тұрмыстық жағдайды шыңдау, тәрбие жұмысы мен бос уақытты дұрыс ұйымдастыру бойынша мәселелерді жатақхана тәрбиешісімен бірге шешуге құқылы.
Студенттік жатақхана тұрғындарының міндеттері
– жатақханада тұрғаны үшін, төсек орын заттарын пайдаланғаны үшін және барлық ұсынылатын ақылы қызмет үшін белгіленген көлемде ақыны уақтылы төлеуге;
– өздік жұмысқа арналған орынды және мәдени-тұрмыстық шараларға арналған орындарды пайдалану кезінде тыныштық сақтауға және аталған орындарды басқа тұрғындардың пайдалануына кедергі келтірмеуге;
– осы Ережені, қауіпсіздік техника ережелерін, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға;
– тұрмыстық электржабдықтарын пайдалану бойынша нұсқауларды қатаң сақтауға;
– жатақханадағы арнайы орындар мен жабдықтарды, қондырғыларды ұқыпты пайдалануға;
– электржарығы мен суды үнемді етіп пайдалануға;
– тұрғылықты орын мен ортақ орындарды пайдалануда тазалық пен тәртіпті сақтауға, өз бөлмелерінде тазалық жұмыстарын күн сайын, ал асханада кезекшілік кестесіне сәйкес жүргізуге;
– материалдық шығын келтірген жағдайда ҚР заңнамасына және тұрғылықты орынды жалдау келісімшартына сәйкес өтімін толтыруға;
– жатақхана жұмысшыларының талаптары бойынша жеке куәлікті және жатақханаға өту қағазын көрсетуге;
– осы Ережелерінің орындалуын қадағалау, мүліктердің бүтіндігін тексеру, профилактикалық және жұмыстың басқа да түрлерін жүргізу мақсатында колледж және (немесе) жатақхананың әкімшілігіне тұрғын бөлмелерді қарап шығуға мүмкіндікті қамтамасыз етуге;
Жатақхана тұрғындарына тыйым салынады:
– бір бөлмеден екінші бөлмеге өз бетінше көшуге;
– бір бөлмеден екінші бөлмеге жабдықтарды өз бетінше тасымалдауға,
– электрсымдарын өз бетінше қайта жасауға және электр жүйесін өз бетінше жөндеуге;
– басқа бөлмелерде тұратын тұрғындардың тыныштығын бұзбау үшін 23:00-ден 07.00-ге дейінгі уақыт аралығында теледидар көрмеуге, магнитофондарды және басқа да қатты дыбысты заттарды пайдаланбауға және де басқа іс-әрекеттер жасамауға;
– арнайы бөлінген орындардан басқа тұрғын бөлмелерінің қабырғаларына, ортақ орындардың қабырғаларына хабарландыру, сабақ кестелерін және т.б. жапсыруға;
– жатақхана орындарында темекі тартуға;
– белгіленген тәртіпті бұза отырып, бөтен тұлғаларды жатақханаға кіргізуге және (немесе) оларды жатақхана түнетуге; басқа тұлғаларға, оның ішінде – басқа бөлме тұрғындарына тұрғылықты орын ұсынуға;
– жатақханаға ішімдік немесе есірткі қолданған күйде келуге, алкоголдік ішімдіктерді қолдануға және сақтауға;
Жатақханада тыйым салынады:
– ішімдік және есірткі заттарын сатуға;
– жатақхана меңгерушінің (коменданттың) рұқсатынсыз қосымша құлып орнатуға немесе құлыптарды қайта жасау немесе оларды ауыстыруға;
– тұрғылықты орында ашық от көздерін пайдалануға;
– жатақханада үй жануарларын ұстауға;
– бөлмеде тұратын тұрғындарға кедергі келтіретін үлкен көлемді заттарды сақтауға болмайды.
Жатақхана әкімшілігінің құқығы
Студенттік жатақхана әкімшілігі құқылы:
– жатақхана өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстарын білдіруге;
– жатақхананың студенттік кеңесімен бірлесе отырып, ішкі тәртіпті бұзатын тұрғындарға жатақхана тәрбиешілерімен бірге тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстарды колледждің тәрбие ісі орынбасарына қарауына ұсынуға.
Колледж әкімшілігінің міндеттері
Колледж әкімшілігі міндетті:
– білім алушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасына және жатақхана тұру нормаларына, колледж студенттік жатақханасы туралы Ережеге сәйкес студенттік жатақханадан орын беруге;
– студенттік жатақханаға орналасу барысында және білім алушылардың әрі қарай онда тұруы кезінде студенттік жатақханада өмір сүру мәселелерін реттеуші колледждің жүйелі нормативтік актілері туралы хабардар етуге;
– студенттік жатақхана орындарын белгіленген санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес қажетті жағдайда ұстауға;
– тұрғындармен тұрғылықты орынды жалға алу келісімін құру және орындауға;
– студенттік жатақхананы жиһазбен, қондырғылармен, төсек орын заттарымен және басқа да жабдықтармен кешендендіруге;
– студенттік жатақхананың штатын белгіленген тәртіпке қызмет көрсету құрамымен толықтыру;
– студенттік жатақхана тұрғындарын қажетті коммуналды және басқа да қызметпен қамтамасыз ету және мәдени-бұқаралық, сауықтыру және спорт шараларын өткізуге арналған орындармен қамтамасыз етуге;
– қауіпті аурумен ауырған жағдайда студенттік жатақхана тұрғынын дәрігерлер кеңесі негізінде арнайы бөлмелерге уақытша ауыстыруға;
– жатақхананың студенттік кеңесіне өзін-өзіне қызмет көрсету, тұрмыс және тұрғындардың демалысын жақсарту мәселелері бойынша студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту жұмыстарына қолдау көрсетуге;
– студенттік жатақханада тұрмыстық, мәдени-тұрмыстық жағдайды жақсарту бойынша шараларды жүзеге асыру, тұрғындардың ұсыныстарын іске асыру бойынша уақтылы шаралар қолдану, оларды қолданылған шаралар жөнінде хабардар етуге;
– студенттік жатақхананы және бекітілген аумақты тазалау, қызмет ету, жайландыру бойынша жұмыстар жүргізу барысында қажетті қондырғылармен, жабдықтармен, құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуге;
– студенттік жатақхана аумағында күзет пен белгіленген өткізу тәртібін сақтауды қамтамасыз етуге.
Студенттік жатақханада өзін-өзін басқару органдары
Жатақханада тұратын студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі – жатақхананың студенттік кеңесі (әрі қарай студ.кеңес), болып саналады және ол тұрғындардың атынан шығатын өкіл бола алады.
Жатақхананың студкеңесі бөлмелердің, (блоктардың) жетекшілердің іс-әрекетін реттеп отырады, жатақхананың өзін-өзіне қызмет ету бойынша жұмысын ұйымдастырады, жатақхана мен оған қарасты аумақта қоғамдық пайдалы жұмыстарды өз еркімен атқаруға баулыйды, жатақхана әкімшілігінің тұрғындарға сеніп тапсырылған материалдық заттарды ұқыпты пайдалануға көмектеседі, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады.
Жатақхана студкеңесі өзінің жұмысын осы Ережеге сүйене отырып жүзеге асырады.
Жатақхананың әр бір бөлмесінде (қабат) жетекші сайланады. Әр қабатқа қабат жетекшілері мен тазалық жетекшісі бөлмеде бар мүлікке ұқыпты қарауды, бөлмені таза және тәртіпті ұстауды қадағалайды.
Қабаттың жетекшісі өзінің жұмысында жатақхана студенттік кеңесінің және жатақхана әкімшілігінің шешімдерін негізге алады.
Қызылорда медициналық жаңа жатақханасы 2019жылы қазан айының 15-нен бастап берілді. Жатақхана барлығы 330орынға арналған. 84 жатын бөлмесі бар 5 қабатты ғимарат. Әр қабатта тұрмыстық бөлмелер қарастырылған. Бір бөлімде екі бөлме орналасқан ар бөлімде әжетханалар мен жуынатын бөлме бар. Тұрмыстық бөлмелер техникалық тұрмыстық құралдармен жабдықталған онда 4 екікамералы тоңазытқыш ,тамақ әзірлеуге арналған 4 тоқпештері, 1 қысқа толқынды пеш, 4 ыдыс жуатын орындар орналасқан. 1-қабатта оқу залы онда3компьиютер қарастырылған. Киім жуатын, үтіктейтін, кептіретін бөлмелері бар онда 4-кір жуатын машина қамтылған және қабат бойынша төсек орындарын өткізізіп, жуып ауыстыруға арналған бөлек бөлмесі бар. Студенттердің бос уақытына арналған демалыс бөлмесі бар онда заман талабына сай теледидар орналасқан. 1 оқшаулау бөлмесі мен медециналық пунк бар. Жатақхананың қазіргі заманға сай дыбысы естілетін бейне бақылаумен қамтылған. 22-дана Бейне бақылау орналасқан. Бейне бақылау арнайы лед экранда барлық уақытта қосулы, ол арнайы кезекші қызметкерлердің бөлмесінде барлық кезде бақылауда болады. Жатақхана жалпы студенттердің заман талабына сай таза евро жөндеулі, қауіпсіз өмір суруіне қолайлы . Жатақхана өмірін қызықты өткізіп, бос уақыттарын ұтымды пайдаланып турлі үйірмелерге қатысып, мерекелік іс-шаралар жасап, тәрбиелік маңызы бар кездесулер уйымдастырып студенттермен тікелей 4 тәрбиеші жұмыс жасайды.
ҚР Үкіметінің 2015-ші жылғы 14-сәуірдегі № 200 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында» жоғары оқу орындарға оқитындарға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет стандартына сүйеніп отырып қабылдау комиссия мүшелері арқылы жатақхана студенттер қабылданады.